• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Сәуір, 2024

Цифрлық сауатын арттырады

35 рет
көрсетілді

Отандық блокчейн-технологиялар және дата-орта­лық­тар қауымдастығының мүшесі «TechCompany» «Блокчейн және жасанды интеллект мектебімен» бірге өткізген блокчейн негіздері мен криптовалюта, SMART келісімшарт, «NFT» және «GameFi» бойынша тегін шеберлік сағат сериясын аяқтады.

Курстар заманауи блок­чейн техноло­гия­лары мен крип­товалюта әлемінің не­гіз­­гі ұғы­­мын ашуға бағыт­та­лып, «NFT» және «GameFi»-ге кіріс­­пе түрінде өтті.

«Курс сериясын ұйымы­мыз­дың тәжірибелі блок­чейн әзір­леушілері жасады. Олар сабақ­тың әр бөліміне барлық қатысушы үшін мейлінше пайдалы әрі тиімді ақпаратты енгізді», деді «Tech­Company» директоры Артур Сүндетов.

Еліміздегі блокчейн тех­­нологиялар және дата орта­лықтар қауым­дас­ты­ғының төрағасы Дәурен Қара­шевтың айтуынша, «Блокчейн және жасанды интеллект мектебі» эконо­миканың өсуі мен ел азамат­тарының цифрлық сауатын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ инновациялар мен жаңа стратегиялық ма­ңызды технологияларды дамы­туға қолайлы орта жасайды.

Барлық шеберлік сағаты инновациялық технология­лар мен қаржы құрал­да­ры әлеміне бойлауға мүм­кін­дік береді. Бұл жоба ел тұр­­ғындарының цифрлық сауат­ты­лығын арттыру үшін қолға алынған.

Айта кетейік, алдағы 22 сәуірде «Блокчейн және ж­а­­санды интеллект мек­тебі» «Жасанды интеллект: қа­зіргі заманның бас­ты тала­бы» тақырыбында те­гін ба­за­лық курстар мен ше­бер­­лік сағатының үшінші мо­ду­лін іске қосады. Курсты ЖИ саласындағы сарапшы, «Omega Server.Inc» директорлар кеңесінің мүшесі, бір­неше таным­дық кітап­тың авторы Анатолий Гин жүргізеді.