Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға белсенді жәрдемдесіп жүрген ит әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Tengrinews.kz иттің иесін тауып, әңгімеге тартқан. Төртаяқты көмекшінің аты – Пшөн, осы желтоқсанда үш жасқа толады. Иттің жанашырлығына тәнті болған жергілікті тұрғындар желіге видео жүктеген.
Пшөн Жайық жағасында бөгет құрылысы басталғалы бері қап тасу жұмыстарына араласып, зардап шеккендерді қолдап жүр.
«Пшөн – біздің адал досымыз. Оны мұндағылардың бәрі біледі және мақтан тұтады», дейді желі қолданушылары.