• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Сәуір, 2024

Астанадағы Ұлы дала даңғылын су басты

154 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы Ұлы дала даңғылын су басты. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, даңғылға жайылған су қардың қарқынды еруінен пайда болған, деп жазады Egemen.kz.

«Астана қаласында қардың қарқынды еруіне байланысты Ұлы дала даңғылындағы қар шығаруға арналған полигонда еріген су жайылып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.

Қазір аталған мекенжайда ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеп жүр.

Сондай-ақ даңғыл бойындағы суды сору үшін 110 өрт-сорғы станциясы және 7 бірлік мотопомпа қолданылып жатыр.  Еріген суды басқа бағытқа бұру жұмыстары басталып кетті.