• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 19 Сәуір, 2024

75 млн теңге сұраған. «Алматы Су» бас директорының орынбасары ұсталды

224 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысын ұстады. Олар ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары ауыр жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы да жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», деп жазды Антикордың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері «Бизнеске жол» жобасы аясында 43 проблемалық кейсті шешіп, 5 мың кәсіпкердің құқығын қорғаған.