• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2024

Елдегі су тасқыны: «Қазақстан халқына» қорына 2,54 млрд теңге түсті

289 рет
көрсетілді

19 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы су тасқыны жағдайына бейжай қарамайтын ел азаматтары мен отандық компаниялардан 2,54 млрд теңге жиналды. Зардап шеккендерге қаражат жинау 30 сәуірге дейін жалғасады. Жиналған қаражат баспанасыз қалған отбасыларға үй тұрғызу жұмыстарына жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мыңдаған азамат қызыл судан зардап шеккендерге мүмкіндігіне қарай қаражат жіберіп жатыр. Олардың қатарында Қазақстан азаматтары, шетелдіктер, шетелдік компаниялар бар. Кейбір азаматтардың көмегі 1 миллион теңгеге жетеді. Экономиканың әртүрлі салаларының көптеген ұйымдары бір күндік жалақыларын жіберді - бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және ұлттық компаниялар, жеке ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер.

«Құрылыс, көлік және логистика секторларының компаниялары ірі мақсатты салымдар жасады: B&A Contractors SA, Mabco Constructions S.A., Eastcomtrans, Otau-Stroy, KazVagonBuilding. «Қазақстан Халық банкі», «Достар» компаниясы, KBI Energy Group және басқалары 950 миллион теңге салған», делінген «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Осы тұста «Қазақстан халқына» қоры Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі бастамасын қолдаған азаматтарға алғыс білдірді.