• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасы қоржынға түсті

127 рет
көрсетілді

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақ спортшысы Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, еркін күрестен 125 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуп Батырмұрзаев жартылай финалда бахрейндік Шамиль Могамед Шариповты жеңді. Есеп - 7:3.

Осылайша ол Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

Бұған дейін ол Токио ойындарына қатысқан еді.