• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2024

Су тасқыны: 9 мыңға жуық адам эвакуациялық пункттерді паналап отыр

106 рет
көрсетілді

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында жағдай әлі де күрделі. Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті мөлшерде көтеріліп жатыр. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп елдегі су тасқыны ахуалына қатысты соңғы мәліметтерді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Аталған аймақта құтқарушылар мен еріктілердің жұмысы әлі жалғасып жатыр. Олар өзен, су қоймаларының жағалауына құм қорған мен қапшық төсеу, халыққа тиісті көмек көрсетумен айналысып жүр.

«Ал Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су басқан үйлер мен аумақтардағы суды сору және судың бағытын бұру, Жайық өзені бойында жағалауды бекіту жұмысы қыза түсті. Солтүстік Қазақстан облысында да су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору жұмыстары, Есіл өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр», деді ТЖМ өкілі.

Сондай-ақ ееспублика бойынша 26 785 адам үйлеріне оралды. 8 795 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде қалды. 4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.