Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға бүлінген үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік.
Келтірілген залалды өтеу жергілікті әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізіледі. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі.
«Тұрғындар көмекті мүліктің зақымдану сипатына қарай алады. Бұны су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыға төленетін 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын», деді ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.