• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Айбын 24 Сәуір, 2024

Әскери ғылымды дамытудың маңызы

73 рет
көрсетілді

Құрлық әскерлерінің әскери институтында Сағадат Нұрмағам­бе­товтің 100 жылдығына арналған III Халықаралық ғылыми-прак­ти­ка­лық конференция өтті.

Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан әскери оқу орындарының өкілдеріне бейнеконференция ұйымдастырылды. 

Іс-шараға «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері қауымдасты­ғы­ның төрағасы Бақытбек Смағұл, Ха­лық қаһарманының немересі Ай­жан­ Нұрмағамбетова, еліміздің күш құры­лымдары оқу орындарының курсанттары, ЖОО-ның студенттері, магистранттары мен докторанттары, Бауыр­жан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» рес­пуб­ликалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Конференция жұмысы екі секция бойынша ұйымдастырылды. Онда қазіргі жағдайда әскери ғылымды дамыту, идео­логиялық жұмыс, әскери оқыту және тәрбие саласындағы ғылыми қызметті же­тілдіру мәселелері талқыланды. Ұлт­тық қауіпсіздік және халықаралық әскери ын­тымақтастық тақырыптары да қозғалды.

ҰҚК академиясының басшысы, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ахат Мұқашев, Құрлық әскерлері әскери инс­титуты бастығының бірінші орынбасары, полковник Жәнібек Сарғазин және басқалар баяндама жасады. 

Конференция қорытындысында әскери ғылымды одан әрі дамыту жөнінде қарар қабылданып, қауіпсіздік саласында ұсынымдар әзірленді. Қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

 

АЛМАТЫ