Ақтөбеге тағы бір гуманитарлық жүк жетті. Бұл жолы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге бауырлас Тәжікстан халқы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі көрші мемлекет түрлі құрылыс материалдары тиелген бірнеше вагон жөнелткенін хабарлады.
Тәжікстан үкіметі еліміздің тоғыз өңірінде болған табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға 50 вагон гуманитарлық көмек жіберді. Жүктің жалпы салмағы 2518 тоннаны құрады.
Ақтөбе облысына тоғыз вагон жөнелтілді, оның ішінде 27360 литр су, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш, 240 тонна цемент бар.