Қазақстанда су тасқыны туралы барлық қажетті ақпаратты жинақтайтын qoldau.gov.kz ресурсы іке қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский атап өткендей, мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық деректер, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, шенеуніктердің мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары барынша жылдам жаңартылып, толықтырылады.
«Су тасқыны басталғаннан бері Орталық коммуникациялар қызметінің базасында республикалық ақпараттық штаб құрылды. Зардап шеккен аймақтардағы жағдай туралы және су тасқынының зардаптарын жою бойынша қабылданған барлық шаралар туралы хабарлайды. Төтенше жағдай кезінде адамдар ақпарат алған жағдайда, оны ресми дереккөз арқылы тексеруге мүмкіндік алуы маңызды», деді Белиловский.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті