• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 25 Сәуір, 2024

Берденбектің балабақшасы

682 рет
көрсетілді

Жәйрем кентінде жаңа балабақша ашылды. Бұған дейін мұнда жал­ғыз ғана мемлекеттік балабақша бар болатын. Халықтың бұл реттегі сұранысын қамтамасыз етуге кәсіпкерлер де келе бастады.

Берденбек Еділхан – Жәй­­рем­нің тумасы. Ол 2012 жылдан бері жеке кә­сіп­пен айналасады. Кәсібінің ба­ғы­ты әр алуан. Жүк тасымалы да, мал шаруашылығы да бар. «Ең­бек еткенге нәсіп мол» дейді ол. Он­ шақты жылдың аясында кәсі­бін дөңгелете білген Берденбек осы­­дан үш жыл бұрын кенттегі бұ­­рынғы «балабақшаны» сатып ал­­ды. Бұл жерде балабақша сөзін тыр­нақшалап отырғанымыз бекер емес, өйткені, 90-жылдардың жой­қын жекешелендіруі тұсында жеке­нің қолына өтіп, содан әбден тоз­ған нысанның қаңқасы ғана қал­ған еді. Кәсіпкер сонда не үшін қы­зық­ты екен?

– Бұрынғы балабақша орнына жаңасын орнатқым келді. Сөйтіп, со­ған дейінгі жиған-тергенімді жұм­сап, құрылыс жұмысын бастап жі­бердім. «Көз – қорқақ, қол – батыр» деген емес пе? Нысанның бір ба­­сына шағын-маркет орналасты. 2023 жылы кентімізге облыс басшы­сы­ келгенде өзімнің балабақша ту­ра­­лы ойымды айтып едім, ол кісі толық қолдау танытты, – дейді Б.Еділ­хан.

Ол балабақша атауын «Ажар» деп атады. Бұл сөзде көп мағына бар. Ең бастысы, «Ажарымыз ашық болсын» деген мақсат-мұрат жатыр атаудың астарында.

Балабақша 125 орынға ар­нал­ған. 20 маман жұмыспен қам­­­тылған мұнда 2-5 жас ара­лы­ғын­дағы балдырғандар тәр­бие­ленеді. Ғи­­марат бала­лардың жан-жақ­ты да­муына мүмкіндік беретін за­ма­науи даму аймақтарымен, STEM ка­би­нетімен, хореография залы және емдік тұзды бөлмемен жаб­дық­­талған.

«Ажардың» тағы бір ерек­ше­лігі, мұндағы әр топтың өз атауы бар. Айта­лық, «Алаш», «Абай», «Ыбы­рай», «Қаныш» деген тәрізді.

– Маған мұндай ақыл -кеңес берген Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ақатай. Ұлттық құндылықтарды балалардың бо­йына жастайынан сіңіре білу – бас­ты мақсат. Ендеше, топ атауларын ұлттың ұлы тұлғаларының есімдерімен атап, олардың өнегелі өмір жолын балаларға неғұрлым кеңірек түсіндіре беретін болсақ, ұтарымыз болмаса ұтылысымыз бола қоймас, – деген Берденбектің сөзі оның бала тәрбиесіндегі жан-жақты ізденісін көрсетеді.

Мемлекет әрқашан кә­сіп­­керліктің дамуына, кең қанат жаюы­на мүдделілік танытып­ ке­леді. Бұл бекерден-бекер емес. Өйт­кені шағын және орта кәсіп­керлік дамыған сайын еліміздегі кез келген сала дами түседі. Бер­ден­­бектің балабақшасы соның бір айғағы тәрізді.

 

Ұлытау облысы,

Жәйрем кенті