• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2024

БАҚ пен азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын – министр

115 рет
көрсетілді

Соңғы күндері ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты көптеген сұрақ түскенін айтқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды.

Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге бағалау және тиісті әрекет ету үшін Ішкі істер органдарына жіберілді.

Жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау Ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ.

Бұл «МАМ берген талаптар» деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.

Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын.

БАҚ пен азаматтарды жалған және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамын», деп жазды министр Аида Балаева.