• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Сәуір, 2024

Тиімді тәжірибе алмасу

88 рет
көрсетілді

Қазақстан, Болгария, Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты. Халықаралық форумға Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырмасымен гранттық жоба аясында «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы ұйытқы болды. Жиын «Қазіргі заманғы әлемдегі медиация» атауымен «Қазмедиа орталығында» өтті.

Сарапшылардан бөлек кездесуге Сенат депутаттары, ІІМ, Конституциялық, ювеналды және Жоғарғы сот өкілдері, медиаторлар бірлестіктері ұйымдарының басшылары қатысты. Басқосуды Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова бастап:

– Медиация – өмірдің барлық салаларында азаматтар өмірінің ажырамас бөлігі. Азаматтардың өзара бейбіт өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үдерістерін жеңілдетеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жө­ніндегі уәкілетті орган ретінде қазіргі уақытта Соттан тыс медиа­ция инс­ти­тутын одан әрі дамыту тұ­жы­рымдамасын әзірлеу жөнінде жұ­мыс жүргізіп жатыр. Соған барлық медиаторларды белсенді түрде қаты­суға шақырамыз, – деді.

Форум аясында интерактивті панельдік пікірталастар, «Қазақстан – Болгария: медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында семинарлар өтті. Онда қатысушылар екі елдегі медиация тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеп, идеялар мен тәжірибе алмасты. Басқосу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ делегаттар Астананың Ювеналды сотының татуластыру орталығына және «Жанұя» отбасын қолдау орталығына барып, медиацияны сот тәжірибесінде және отбасыларды қолдау жүйесінде қолдану тетіктерімен танысты.