Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды. Соның ішінде осы жылдың күзінде өтуі тиіс болған «Болашақтың ойындары» да бар, деп жазады Egemen.kz.
Биыл күзде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.Айта кетейік, биыл ақпан айында Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирі Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді. Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өтті. Қазақстан ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті.
Татарстанда өткен турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынады.