• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Сәуір, 2024

Соңғы лицензиялық турнир: Түркияға аттанатын балуандар белгілі болды

Стамбулда еркін күрестен өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын Қазақстан балуандары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, соңғы турнирде еркін күрес бойынша белдесетін балуандар саны үшеу:

57 келі салмақта - Рахат Қалжан; 65 келі салмақта - Адлан Асқаров; 74 келі салмақта - Талғат Сырбаз.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады.

Еске сала кетсек, еркін күрестен Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев, сондай-ақ Сербияда өткен әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының жолдамаларын қаңжығаларына байлаған еді.

Соңғы жаңалықтар