Дәулет Батырбаев өз еркімен отставкаға кеткені туралы хабарлады.
«Қысқа уақыт ішінде біз көп нәрсені жасай алдық. Қаланы жылыту жолында күрделі мәселелерге төтеп бердік, екі жаңа мектеп салдық, тұрғын үй массивтері мен кәсіпорындардан еріген қар суын бұру бойынша көктемгі емтиханнан өттік, қоғамдық көліктермен шиеленісті алып тастадық. Қалада мәдени-ойын-сауық жұмыстары мен бұқаралық спорт жанданды», деді Батырбаев.
Экс-әкім әлеуметтік желілерде жарияланған сыни жазбалар қала тұрғындарының мәселелерін тез шешуге ықпал еткенін атап өтті.