• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 30 Сәуір, 2024

Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

126 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.