Астанадағы Grand Slam турнирінде дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасынан 7 салмақ дәрежесі бойынша 28 балуан додаға түседі, деп жазады Egemen.kz.
Sportqazaq телеграм парақшасында дзюдошылар тізімі жарияланды:
60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов; 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев; 73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов; 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді; 90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов; 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев; +100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай берілетін аталған соңғы турнир мамырдың 10-12 күндері өтеді.