Бұл – композитор Тұрдықылыш Ізтай мен оның жары, ақын Ханбибі Есенқараның бірге жазған шығармасы. Алайда туынды екеуінің ортақ сезімі туралы емес.
Т. Ізтай табиғат аясындағы бір отырыста Нұрикамал деген сұлу қызға ғашық болады. Сол кеште бойжеткенді биге де шақырған. Бірақ Нұрикамал бас тартыпты. Сазгер түнімен пианино ойнап, сезімін әнге қосуға тырысады. Мұны сезген ақынның жары әннің сөзін жазып, «Айтқың келгені осы ма еді?» деп өлеңді жолдасына өзі апарып берген.
Ақын Ханбибі Есенқарақызы естелігінде: «Ол бойжеткенге ғашық болмау мүмкін емес еді. Бұл әнді Естайдың Қорланы сияқты бағаладым», дейді.