• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Мамыр, 2024

16 өңірде ауа райы бұзылады - синоптиктер

243 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең, 2 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 2 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. 2 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.