Астанада жаңа аудан құрылатыны белгілі болды. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қашан пайда болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бұған дейін Астанада "Алматы" ауданын бөліп, жаңа аудан пайда болатыны айтылды. Алматы ауданында әкімнің тұрғындармен кездесуінде бұл жоспар қашан орындалады деген сұрақ қойылды.
- Бұл аудан биыл құрылады, бірақ алдымен бұл ауданның шекарасы, атауы және т.б талқылануы керек. Нақты уақытын айта алмаймын. Ол үшін аудан жұртшылығымен талқылануы керек. Шамамен осы жылдың ішінде бұл жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Жеңіс Қасымбек.
Шенеунік неліктен жаңа аудан құратындарын түсіндірді.
- Алматы ауданып белсенді түрде өсіп келеді, қазірдің өзінде 400 мыңға жуық тұрғын бар, біз стандарттарға сәйкес жаңа әкімшілік бірлік құруымыз керек, – деді елорда әкімі.