• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Қылмыс 03 Мамыр, 2024

Абай облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

188 рет
көрсетілді

Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық тұрғыдағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттері» ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотталған Г-ның мүддесін қорғайтын адвокаттың апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Г. жас жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып, нәпсіқұмарлық тұрғыдағы зорлық-зомбылық жасады», делінген хабарламада.

Ол сотта кінәсін мойындамады, алайда, оның әрекеттері қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен, жәбірленушінің, оның өкілдерінің және куәгерлердің айғақтары бойынша дәлелденді.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотпен Г. кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігі негізінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды атқаруға тыйым салынған. Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырды», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.