Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қойма жанып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Оқиға орнында құтқарушылар және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жоғары дәрежелі ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Өрт алаңы анықталып жатыр. Өрттің басқа ғимараттарға таралу қаупі жоқ», делінген министрлік хабарламасында.