• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Мамыр, 2024

Арқалық пен Ақсұңқар арасында қатынаған АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

156 рет
көрсетілді

Қостанай облысының Арқалық пен Ақсұңқар арасында қатынайтын санитарлық рейс орта жолда үзілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арқалық-Ақсұңқар арасында санитарлық рейс орындайтын Navigator авиакомпаниясының Ан-2 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін 16:10-да аяқ астынан биіктігін бірден төмендетіп, еріген қар суы жиналған су айдынына сырғып түсті.

Ұшақ бортында 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы болған. Бүкіл жолаушылар мен экипаж мүшелерін Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті Арқалық қалалық ауруханасына жеткізген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Көліктегі оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері жіберілді.

- Апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидасына сәйкес бұл апат авиациялық оқиғаға жатқызылады және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тергеуге тиіс, - деп хабарлады Көлік министрлігінен.

Оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия құрылды. Жағдайдың себептері анықталып жатыр.