• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2024

Елімізде жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

212 рет
көрсетілді

Үкімет «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 27 сәуірдегі қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта: «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын», делінген.

Комитеттің функциялары:

  жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу және іске асыру; жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту; жасанды интеллектті дамыту бөлігінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.