«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мектеп кітапханаларындағы кітап қоры 137 000 000 дананы құрайды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мектеп кітапханаларының кітап қоры тағы 4 879 781 данаға толығып, кітап саны рекордтық 137 миллионға жеткен еді.
«Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана оқушыларға оқуға ұсынылған 1770 шығарманың тізімін жасады. Оның ішінде басым үлеспен 76%-ы отандық, ал 24%-ы әлемдік әдебиеттен тұрады», делінген министрлік хабарламасында.