• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Мамыр, 2024

Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті

109 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында GPT нейрожелілік чатының көмегімен жасалған суреттердің фотокөрмесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қонақтар мен қала тұрғындарының назарына әлемді жасанды интеллект көзімен бейнелейтін 50 ерекше сурет – экологияға жауапсыз көзқарасты көрсетіп қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырады.

Қазіргі жағдайды және болашақты бейнелейтін GPT чатымен жасалған картиналар әртүрлі стильде жасалған. Жасанды интеллект болашақты қалай бейнелейтіні қонақтар мен қала тұрғындарын ерекше қызықтырды.

Іс-шара шеңберінде белгілі экобелсенді Шасалим Шагалимов елорда тұрғындары үшін табиғатқа жанашырлық тақырыбында дәріс оқыды.

«Еліміз үшін экология өте маңызды мәселе. Проблемалардың оң шешімін қаладағы коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындар да қолдауы тиіс. Көлік терезесінен лақтырылған немесе арнайы жәшікке салынбаған кішкене қоқыстың өзі экологияға, жолдарға, көшелерге, жалпы қаламыздың келбетіне теріс әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға, жақсы экология ұлт денсаулығына тікелей әсер ететінін есте сақтауға шақырамын», деді Ш.Шагалимов.

Естеріңізге салайық, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жалғасын тауып отыр.