Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Оқиға куәгерлері мұны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видеода таяқпен төбелесіп жатқан ер адам бейнеленген. Әлеуметтік желілерде кикілжіңге Өзбекстанмен шекарада жүк көліктерінің өтуін бақылау кезінде бопсалау себеп болуы мүмкін деп жазып жатыр.
«Түркістан облысының полициясы Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетінің жолын кесті. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.