Алматы қаласында өз елімізде шығарылған ең алғашқы фандомат пайда болды. Осылайша, техникалық режімде мегаполистегі Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысында пластикалық бөтелкелер мен сусындардың алюминий ыдыстарын қабылдайтын алғашқы фандомат іске қосылды. Құндық шикізат қатарындағы тұрмыстық қалдықтар мұқият сұрыпталғаннан кейін пайдалы тауарлар өндіретін кәсіпорындарға одан әрі қарай өңдеуге жіберіледі.
Фандоматта барлық инновациялық элемент бар. Мәселен, олардың бірі – жасанды интеллект пен машиналық оқыту жүйесі, ол алюминий банкілер мен пластикалық бөтелкелердің штрих-кодтары нашар басылса немесе қорапқа дұрыс орнатылмаса да тануға мүмкіндік береді. Нейрондық желі технологиясын қолдана отырып, фандоматтағы камера пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкілердің әртүрін автоматты түрде танып, жіктейді, мөлшері мен салмағын өлшей алады.
«Бұл опциялар әлі де толықтырыла түседі, өндіріс пен технологиясы жақсарады. Құрылғы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан алғашқы фандоматты Панфилов көшесіне орнату жөнінде шешім қабылданды. Жақын арада фандоматтар Арбатқа, Медеу ХҚКО-сы мен Медеу мұз айдыны маңына қойылады. Өйткені жазда осы аймақта энергетик сусындарының шашылған пластикалық бөтелкелері мен банкалары жиі кездеседі. Жобаның 360 градус бойынша әлеуеті зор. Қайта өңделгеннен кейін пайдалы материалға айналатын қоқыс азайған сайын қаланы тазалауға қаражат пен күш аз жұмсалып, үнемделген ақша маңызды мәселелерге бағытталады», деді Алматы қаласы әкімдігінің «Жасыл Алматы» ГРБН жобалық кеңсесінің басшысы Евгений Мұхамеджанов.
Қазақстанда жасалған фандоматты іске қосу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров қатысып, бұл бастаманың экологиялық тиімділігі мен ресурстарды үнемдеу барысындағы маңыздылығына тоқталып, жобаға ат салысқан Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдерін атап өтті. Қала әкімінің орынбасары арықтардан күн сайын 60 тоннадай қоқыс шығарылса, оның 30%-ы пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкалар екенін айтады.
Жоба мұрындық болған әрі негізі инвестор – «Freedom Holding Corp» компаниясы бұл істі қала әкімдігінің Жобалық кеңсесі, Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен жүзеге асырып жатыр.
Өз орнын тапқан алғашқы фандоматты автоматтандырылған сәлемдемелер қабылдау пункттерін құруда айтарлықтай тәжірибе жинақтаған жергілікті «Tastamat» компаниясы шығарады. Ал жоба операторы – Қазақстанның 9 қаласындағы Жасыл кеңсе жобасы шеңберінде бөлек жиналған тұрмыстық қалдықтарды шығару, қайта өңдеуге жіберу, мамандар даярлау қызметін ұсынатын «EMCO Network» компаниясы.
Осынау инновациялық құрылғының бірегейлігі сонда, қайта өңделген материалдан жергілікті сатушылардан сатып алынған металл мен қаңылтыр металды қабылдау пунктінен алынған темірден жиналып, құрастырылған.
Ал қарапайым халық үшін фандоматтың артықшылығы – Фридом банк картасына фандомат көмегімен ақшасын алып яки қаражатты қайырымдылық мақсаттарға жібере алады.
Өз кезегінде маңызды бастамаға мұрындық болып отырған «CEO Freedom Holding Corp» – өкілі Тимур Турлов: «Жақын арада Алматы мен Астананың барлық көрікті жерінде осындай 100 фандомат пайда болады. Бұл жобамен біз қоқысты бөлек жинауға арналған құрал жасап қана қоймай, оның ауқымын кеңейтуге, яғни экологиялық мәдениет пен әдет қалыптастыруды, қалдықтарды азайту, парықты тұтыну, айналымдағы экономикаға көшуді көздеп отырмыз», дейді.
АЛМАТЫ