• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2015

Ақтөбеде үш күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

296 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 10 қаңтар. Ақтөбелік полицейлер «Қауіпсіз жол» акциясының үш күнінде 21 мас жүргізушіні ұстады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – облыс жолдарында көлік апатын азайту. Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда. Іс-шара барысында олар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарды, оның ішінде көлікті мас күйінде жүргізгендерді анықтауға бағытталған рейдтер ұйымдастыратын болады. Профилактикалық іс-шараның үш күнінде әкімшілік полиция инспекторлары жол қауіпсіздігі ережелері бұзылуының 1287 фактісін тіркеді. Оның ішінде 21 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген, 79-ы жылдамдықты асырған, 220 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған. Сондай-ақ 149 жаяу жүргінші көшені белгіленбеген жерлерден өтіп жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: nur.kz.