Ыстанбұлда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде күрес түрлерінен бақ сынаған балуан қыздар ширек финалға жете алмады, деп жазады Egemen.kz.
53 келідегі Марина Седнева екінші айналымда польшалық қарсыласына 0:9 есебімен жол берді.
57 келідегі Лаура Алмағанбетова 1/8 айналымда түркиялық Эльвира Камалоғлыдан 2:4 есебімен жеңілді.
62 келідегі Ирина Кузнецова мексикалық қарсыласынан 8:13 есебімен жеңіліс тапты.
68 келідегі Елена Шалыгина румыниялық спортшыдан 1:9 есебімен ұтылды.
Ал 76 келідегі Эльмира Сыздықова бірінші айналымда эстониялық балуанға 1:2 есебімен есе жіберді.