Атырауда орналасқан ойын орталықтарының бірінде жас қыз биіктен құлап кетті, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
9 мамыр күні Атыраудағы ойын орталықтарының бірінде жасөспірім қыз биіктен құлап, зардап шекті.
Ойын кезінде қауіпсіздік жібі үзіліп кетіп, қыз биіктен құлаған.
Төтенше оқиға кезінде жедел-жәрдемді ата-анасы шақырған.
Зардап шеккен қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.