• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Энергетика 12 Мамыр, 2024

Қазақстанда бензин мен дизельге тәуліктік лимит енгізіледі

172 рет
көрсетілді

Қазақстанда 17 мамырдан бастап шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің жарияланған бұйрығына сәйкес қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай шекті бағалар белгіленген:

Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:

Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.

Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанармай құюды қалайтын қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін жанармай құю бекетінде жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін ұсынуы қажет.