• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Мамыр, 2024

Абылай Мырзахметов 5 жылға сотталды

150 рет
көрсетілді

Кеше Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот процесінде Абылай Мырзахметовтың 2022 жылғы мамыр айынан қазанға дейін Б.-ға ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасы Б.-ты қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айтқаны анықталды. Ол алаяқтық жасау жолымен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-тың аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңге ақшалай қаражатын жымқырған.

Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды, қорғаушылар іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.Сот сотталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, өзі жасаған қылмысты тергеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге жәрдемдесуін, кәмелетке толмаған баласының болуын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.А. Мырзахметовтың кінәсі сотталушының өз кінәсін мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, қарыз шарттарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

«Сот үкімімен Абылай Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген соттың хабарламасында.Сот ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде Қазақстан Президентіне А. Мырзахметовті «Құрмет» және 3-дәрежелі «Барыс» ордені мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді. А. Мырзахметов мүлкіне салынған тыйым сақталды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.