• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 14 Мамыр, 2024

Үкімет басшысы «Kids go free» бағдарламасын жалғастыруды тапсырды

123 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтан биыл да Kids go free бағдарламасын жалғастыру мүмкіндігі туралы сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бағдарламаны жалғастырамыз. 2022 жылы бағдарламаны 700 бала пайдаланса, 2023 жылы олардың саны 2 мыңға жетті», деп жауап берді министр.

Осы орайда Үкімет басшысы Kids go free бағдарламасын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Бұл ішкі туризмді дамытуға бағытталған жақсы бағдарлама деп ойлаймын. Ары қарай жалғастырыңыз»,деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда турпакет аясында кәмелетке толмаған (2 жастан 17 жасқа дейінгі) жолаушыларға билет құнын субсидиялау күшіне енді. Бұл шара ата-аналарға ел ішінде демалатын кәмелетке толмаған балалардың әуе билеттерін төлемеу мүмкіндігін қарастырды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті