Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болды. Мектеп оқушысы үйінде өзіне қол жұмсаған.
Шымкент білім басқармасының мәліметінше, бала есепте тұрмаған. Сыныптастарымен сөзге келмеген. Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.