Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Антикордың ақпаратынша, күдіктілер лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алған.
Оларға тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесі басталды.