• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2024

Жасанды иптеллект: Астананың бірегей тәжірибесі әлемдік сот жүйесінің назарын аударды

78 рет
көрсетілді

Халықаралық сот әкімшілігінің қауымдастығы (ХСӘҚ) Астанада талқылауды жоспарлап, Қазақстанның сот жүйесін басқару тәжірибесінің әлемдік сот жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот төрелігіндегі Жасанды интеллект туралы онлайн-форум жұмысына Жоғарғы соттар төрағалары: Қазақстаннан Асламбек Мерғалиев, Қырғызстаннан Замирбек Базарбеков, Өзбекстаннан Бахтиёр Исламов, Әзербайжаннан Инам Каримов, Үндістаннан Дхананджая Й.Чандрахуд және Дүниежүзілік банктің (ДБ) сарапшылары қатысты.

Халықаралық сот әкімшілігінің қауымдастығы (ХСӘҚ) Астанада талқылауды жоспарлап, Қазақстанның сот жүйесін басқару тәжірибесінің әлемдік сот жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті. Оның барысында жоғарғы соттардың жетекшілерімен сарапшылар Қазақстанның ЖИ-пен сот ісінжүргізу практикасын талқылады.

А.Мерғалиев форумда қол жеткізілген оң көрсеткіштерін бөлісті - БҰҰ деректері бойынша Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша мониторингке енгізілген 193 елдің ішінде 28-ші орында және онлайн қызметтерді көрсету бойынша 8-ші орында. Ал CEPEJ зерттеуі бойынша Қазақстан соттарда ІТ-технологияларды қолдану бойынша 47 елдің арасында 4-орында.

Сарапшылар, соның ішінде ХСӘҚ (MASA) президенті Луис Пальма Қазақстанның елеулі жетістіктері туралы айта отырып, оның реформалардағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.

Солардың арқасында судьялар әкімшілік қызметте олар үшін өз міндетінен тыс функцияларды орындаудан босатылды, соттар үшін тәуелсіз бюджет белгіленді, істерді автоматтандырылған бөлу соттылығында экстерриториалдылық қағидатын қолдануға мүмкіндік жасалды (істерді бір сотта емес, керісінше елдің соттары арасында бөлу).

Соттарға жоғары сапалы цифрлық қолжетімділік деңгейіне және пайдаланушыларға ыңғайлы ІТ-қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылады.

Құқық қолданудың біркелкілігін қамтамасыз етудің көмекші құралы ретінде машиналық оқытуды, жасанды интеллектті (ЖИ) және робототехниканы пайдалану, Л.Пальманың айтуынша, жетістіктердің өсуіне ықпал ететін әлеует ретінде қызмет етеді.

Халықаралық сарапшылар сот орындаушыларының қаулыларын санкциялау үшін енгізілген роботтың тиімділігін, сот шешімінің жобасын дайындауда және заңгерлердің smart-көмекшісі ретінде жасанды интеллектіні қолдануды, сот практикасының цифрлықт алдауын, технологиялар арқылы сот төрелігіне қолжетімділікті жақсарту тәсілдерін, соның ішінде чат-боттарды атап өтті.

Бірақ бәрінен де шетелдік сарапшыларды бұл IT-құралдарының қазақстандық соттардың жұмысына қалай әсер еткені қызықтырды: олар олардың ашықтығын арттырды, үлкен деректерді өңдеуді және сот процесіне қатысушылар арасындағы үзіліссіз байланысты жылдамдатты, сот қателерін азайтты және сотқа деген сенімді арттырды.

Сонымен бірге, ХСӘҚ (MASA) вице-президенті, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров форум соңында озық тәжірибелерді интеграциялауға қызығушылықты, сондай-ақ елдердің сот менеджменті әлеуетін бағалау мүмкіндігін атап өтті.

Форумға қатысушылар сот төрелігі жүйесін сенімді цифрлық қорғауды бірлесіп дамытуға ұмтыла отырып, Астананың Қазақстанды IT алыбына айналдыруға деген айқын ұмтылысында, деректер қауіпсіздігіне және киберқауіптерге қатысы бар, оның соттарда цифрландыруды дамытудағы тәжірибесін пайдалы біріктіруді де атап өтті.  

Форум сот жүйесіндегі өзгерістерді ынталандыратын және барлығына тиімді және қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз етуге деген ортақ ұмтылысты қолдайтын идеялар мен практика алмасуға арналған алаңға айналды.