• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Мамыр, 2024

Президент Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады

191 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бүгін Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды. 

Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түсірілген видео таратты. Кадрларда төрт рет оқ атылып, Р.Фицоның жерге құлағаны көрсетілген. Қауіпсіздік қызметкерлері Премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.