• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2015

Ақмола облысы Зеренді ауданына жаңа әкімі тағайындалды

386 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Ақмола облысының басшысы Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Асқар Мұратұлы Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. А.Мұратұлы 1976 жылы туған. Білімі жоғары. 1998 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетін инженер-экономист мамандығы, 2003 жылы Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін инженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылғы шілдеде Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастады. Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі лауазымдарда «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры, Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Ал осы тағайындауға дейін, яғни, 2012 жылдың қазаннан бастап Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».