• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемнен босатылады

191 рет
көрсетілді

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылатынын айтты.Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп жатыр. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басқан аймақтарда орналасқан 3084 үй газбен жабдықталды.«Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта төлем бойынша қарызын өтей алады», деді Жұмабек Қаражанов.

Аудан әкімі Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмегенін атап өтті.