ПАВЛОДАР. 13 қаңтар. Облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ең үздік олимпиадалық команда-2015» номинациясы жаратылыстану-математикалық бағытында: 1-орынды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, 2-орынды дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты және 3-орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебі жеңіп алды. «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» номинациясы гуманитарлық бағытында: 1-орынды дарынды балаларға арналған №3 гимназия, 2-орынды облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты және 3-орынды – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі иеленді. «Ең үздік қалалық команда-2015» номинациясында Павлодар қаласының құрама командасы, «Ең үздік аудандық команда-2015» номинациясында Баянауыл ауданы, ал «Ақыл жастан, асыл тастан» номинациясында дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 6 сынып оқушысы Феруза Разикова үздік шықты.
Темірлан Сүттібаев, Айым Мұхтарханова, Әлібек Қабылда, Назарбай Жиналхан жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алды.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: egemen.kz.