• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Мамыр, 2024

Қарағанды тұрғыны алимент төлемеу үшін өзін «қайтыс болды» деп жариялаған

151 рет
көрсетілді

Алимент төлеуден жалтарған азамат өзін «қайтыс болды» деп жариялауды ұйғарған. Қарағанды ​​облысының жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжанов  жағдайдың  мән-жайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Борышкер алимент төлеуден қасақана жалтарып, қарыздың пайда болуына байланысты жүргізуші куәлігін тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдаған.

«Сот құрған чатта борышкер анасының атынан өзінің қайтыс болғаны туралы жаза бастаған. Әрине, біз өтінім жасап, борышкердің тірі және бәрі жақсы екенін анықтадық (ақыл-есі дұрыстығы туралы өтінім жасадық) Сонымен қатар TikTok желісінде борышкер күн сайын дерлік өзі туралы ақпараттарды жариялап отырды», дейді сот орындаушысы.

Бір қызығы, тіпті сот отырысы болған күннің өзінде борышкер қалалық зираттардың бірінде, яғни, «№6 қабірде» жатқандығы туралы ақпаратты жариялаған.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті