• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Digital 16 Мамыр, 2024

«Алақанға» қарап бәрін біледі

145 рет
көрсетілді

Астанадағы №2 Ғафу Қайырбеков мектебінің оқушылары мектепке кіреберістегі турникеттен өтерде карта ұстамайды. Мектеп асханасынан ас ішу үшін төлем картасын да қолданбайды. Бәрі баланың алақанына жазылған.

«Алақан» жобасы – цифрлық дамудың бірегей көрінісі. Бұл жаңашылдық мектептерге енгізіліп жатыр. Мысалы, ата-ана енді баласын сабақта ма, әлде сыртқа шығып кетті ме, бүгін тамақ ішті ме, жоқ па деп алаңдамайды. Себебі бәрін телефоннан көріп отырады.  «Алақан» жобасы арқылы баласының қайда жүргенін, қандай тамақ ішкенін, тіпті кітап­ханадан қандай кітап алға­нына дейін біледі. 

«Алақан-мектеп» жобасы ата-аналардың көмекшісі деп санаймыз. Оқушы мектепке «Ала­қан­мен» кіріп, асханада тө­лемдерді «Алақанмен» жасаса болады. Өзімен бірге қолма-қол ақша ұстап жүрмейді. Мек­теп­ қауіпсіздігіне де жақсы. Бөгде адамдар кіре алмайды. Кітапханаға кіріп, балалар кі­тап алатын болса, «Алақан» оқыр­­ман билеті ретінде санала бе­­реді. Ал мұның бәрінен ата-анаға хабар келіп отырады. Бағ­дар­ламадағы баланың шотын бір күнге қажетті сомаға толтырып қояды. Содан оқушының не алып, не қойғаны туралы есеп ке­ліп түседі. Бұл, әсіресе, мектепке үйі алыс отбасыларға көмек. Себебі кешкі уақыттарда ата-ана­лар балаларға алаң­да­май­ды», дейді жоба жетекшісі Берік Нұрымбетов.

Жоба  Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 мектеп-лицейіне де қанатқақты режімде іске қо­сыл­ған еді. Қазір балалар мен педагогтер мектепке ала­қа­нының биометриясы арқылы кіріп жүр.

«Мектептен алысырақ тұ­рамыз. Менің ұлым өзі келеді сабақ­қа, өзі қайтады. Маған өте ыңғайлы. Себебі баланың қауіпсіздігі үшін жақсы орна­тыл­ған. Бұл жерде баланы есеп­ке үйретемін. Себебі ол рұқ­сатымсыз ақшаны жаратпайды. Не алса да көріп отырамын. Бала тәртіпке үйренеді. Ақшаны бейберекет жаратпауға, қаржылық сауаттылыққа үйретеді. Мұнда сізді алақаныңыздағы қан та­мырының суреті арқылы таниды. Бір қызығы, қолдағы сау­сақ іздерінен бөлек, алақа­ны­мыздағы қан тамырлары да бір-біріне ұқсамайды. Тіпті оң қолдікі сол қолдан өзгеше. Қауіп­сіздік те басты назарда. Сіз­дің биометрияңызды ешкім қол­дана алмайды. Тіпті ұқсатып көшіру мүмкін емес. Өйткені ол тамырлар көрінбейді»,  дейді мектеп оқушысының анасы Гаухар Шалдыбаева.