Taza.kz

# Digital

Digital • 11 Мамыр, 2026

Инженерия баспалдағы

Елімізде негізі қаланған AEROO EdTech-стартапы халықаралық нарыққа шығып, Вьетнам, Индонезия және Сингапурда өз қызметін бастағанын жариялады. Жоба инженерия мен жасанды интеллектіні оқытудың жаңа тәсілін ұсынып отыр. «Competition Driven Learning» деп аталатын бұл модельде оқушылар теориялық білімді нақты инженерлік жарыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы меңгереді.

Digital • 11 Мамыр, 2026

Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты

Қант диабеті – бүгінде әлемде ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі. Бұрын бұл дерт көбіне жасы үлкен адамдарда кездессе, қазір балалар мен жасөспірімдер арасында да жиілеп барады. Ауруды бақылағысы келген жандар күн сайын қандағы қант мөлшерін тексеріп отыруы керек. Көп жағдайда бұл саусақты инемен шаншып, қан алу арқылы жасалады. Бірақ мұндай тәсіл ауырсыну тудырады әрі оны жиі қолдану да денсаулыққа зиян. Соның салдарынан кей науқастар қант деңгейін уақтылы тексере алмайды. Осы мәселені шешу мақсатында оралдық оқушылар «SuGuard» деп аталатын жаңа жүйе әзірлеген. Стартап жақында Астанада өткен «alem.ai battle» байқауында AI Young Talents (мектеп оқушылары) санатында жеңімпаз атанды.

Digital • 03 Сәуір, 2026

Цифрлық кеңістіктегі қазақ тілі

Жаңа қабылданған Конституция тұңғыш рет қазақ тілін­де әзірленіп, мемлекеттік мүдденің ұлттық мұратпен сәйкестігін көрсетті. Өйткені бұл құжат – құқықтық акт қана емес, елдік сананың даму арнасын айқындайтын тұрлаулы тұжырымдама. Оның мемлекеттік тілде жазыл­ғаны өзге де салаларға үлгі болуға тиіс.

Digital • 01 Сәуір, 2026

Қолжетімді сапалы дерек

Жасанды интеллектінің әлеуетін арттыруға ең әуелі мол дерек пен соны талдайтын қуатты есептеу жүйесі керек. Айталық, дәрігерге көмектесетін бағдарлама бірінші кезекте медициналық мәліметтерді жинақтайды. Сол секілді жолдағы кептелісті болжайтын жүйе көлік қозғалысына қатысты деректермен жұмыс істейді. Содан соң барып сол ақпаратты саралап, нақты шешім ұсынатын деңгейге көтеріледі. «Astana Hub» алаңында өткен ашық кездесуде осы мәселені шешуге бағытталған нақты мүмкіндік таныстырылды.

Форум • 28 Наурыз, 2026

«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы

Еліміз цифрлық экономиканы дамытуда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жаңа ше­шім­­дер мен бастамалар Шымкент­те өткен «Digital Qazaq­stan 2026» форумында танысты­ры­лып, технологиялық инфрақұ­ры­лым, адам капиталы мен инно­ва­циялық кәсіпкерлікті қолдау тетік­тері сараланды. Жиында ұсы­нылған жобалар елдің цифр­лық экожүйесі кезең-кезеңімен қа­лып­тасып келе жатқанын көрсетті.

Digital • 22 Наурыз, 2026

Көкшетауда Digital Наурыз өтті

22 наурыз күні Көкшетау қаласындағы жаңа жағалау аумағында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы ұлттық мерекенің жаңа мазмұнын айқындайтын ауқымды Digital Наурыз жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Digital • 21 Наурыз, 2026

Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер

Кейінгі жылдары елімізде жасанды интеллект пен цифр­ландыру бағытында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр.

Digital • 20 Наурыз, 2026

Финтех дәуірі басталды

Қазір қаржы қызметі бұрынғыдан мүлде өзгеше сипат ала бастады. Банктер мен инвестициялық компаниялар атқаратын бірқатар қызметті цифрлық платформалар алмастырып, жасанды интеллект қаржылық талдаудың жаңа құралына айналды. Мұндай үрдісті бүгінде «финтех» (fintech) деп атайды. Бұл атау ағылшынның financial technology – «қаржылық технология» деген сөзінен шыққан. Аталған сала қазір төлем жүйелерімен ғана шектелмей, инвестициялау, бизнес қаржысын басқару, капиталды талдау секілді бағыттарды да автоматтандырып келеді. Мәселен, «Investbanq», «Finflow», «Paidax» сияқты отандық финтех стартаптар жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.

Digital • 17 Наурыз, 2026

Цифрлық кітапхана: 64 тілде 85 мың құжат сақталған

Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 оқырманға жетті. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика