Өнер • 31 Желтоқсан, 2024

Сиқырлы сызықтар әлемі

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Суретшілер одағының мүшесі, өнертану ғылымдарының магистрі Асқат Әбдешев Орал қала­сында тұрады. 40 жастан енді асқан суретші Махам­бет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан уни­верситетінде көп жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді.

Сиқырлы сызықтар әлемі

Асқат Бекқалиұлы – мықты график суретші. Оның линогравюра техникасында орын­далған шығармаларында туған жер тақырыбы, ұлттық на­қышты қазақы болмыс, балалық шақ бейнеленген. Қыл­қаламынан шыққан ком­по­зициялар асқан ше­бер­лігі­мен баурап алады. Қа­рапайым сызықтар тізіліп келіп қым-қуыт оқиғаға, пластикасы мен көркемдігі керемет қиюласқан ғажайып өнер туындысына айналады.

Шығармалары көпші­лік көңілінен шығып, өнер­танушылардың оң бағасын алған. Ол республикалық, об­лыстық, қалалық көр­ме-бай­­қаулардың лауреаты. Халықара­­­лық, рес­публикалық көр­ме­лерге қа­­тысып келеді. Суретшінің жұ­мыстары елордадағы Ұлт­тық му­зейдің, Ресейдегі «Ли­беров-центр» мем­лекеттік көр­кемсурет музейінің, Аты­рау қаласындағы «Ақ Жел­кен» шығармашылық орта­лы­ғының, Ақтөбе облысындағы Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке та­рихы музейінің қорында, Испанияда (Валенсия қаласы), Татарстанда (Қазан), еліміздегі жеке жи­нақтарда сақтаулы.

Жақында Асқат Батыс Қазақ­стан облысының мем­лекеттік архивінен табылған «Жаскелең-Қоңырша» атты ли­рикалық-қаһармандық жы­рына арнап циклды шы­ғармалар салды. Бұл гра­фи­калық иллюстрациялар БҚО Халық шығармашылық орталығының 80 жылдық мерейтойы аясында жарыққа шыққан «Жаскелең-Қоңырша» жыры кітабында жарияланды.

– Бұл жырды кітап етіп шығарарда бұрынғы дәстүрге бой ұрғымыз келді. Яғни жырдың көркем эпизодтарын көркем иллюстрация­лау ұйғарылды. Ол үшін жас та болса танымал, дарын­ды суретші Асқат Әбдешевке қолқа сал­дық. Асқат Бекқалиұлы бұл міндетті абыроймен атқарды. Оның шеберлікпен, шынайы ықыласпен салған графикалық туындылары жыр­дағы онсыз да шытырман эпизодтарды одан бетер құлпыртып, қосымша рең беріп байытып жіберді. Мұндай қыруар уақыт пен еңбекті талап ететін графикалық суреттерді соңғы рет кеңес кезеңінде шыққан ертегі, эпос­тардан көрген шығармыз, – дейді осы жинақты құрастырушы Нұрлан Сәдір.

Біз бүгін «Egemen Qa­zaqstan» га­зетінің оқыр­ман­дарына Асқат Әбде­шевтің «Жаскелең-Қоңырша» жырына арнап салған циклды гра­фикалық туындыларын ұсындық.

Батыс Қазақстан облысы 

рр

 

сс 

рр

 

жж

жж

 

жж

 

жж

 

жж

 

дд

 

пп

 

дд

 

жж

 

дд

 

жж

 

рр