• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Мамыр, 2024

Үсік, нөсер жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

177 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін, 17 мамырда Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республикада синоптиктердің болжауынша, жел күшейеді, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Түнде Ақмоланың солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде бір градусқа дейін үсік күтіледі.

Қарағандының оңтүстігінде, Ұлытау орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Қостанай облыстарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстікте, шығыста, Қызылорда қаласының орталығында, батыста, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, шығысында Жетісу облысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Абай облысының Үржар ауданында өте жоғары өрт қаупі бар.