Абзал Әбдікәрімов Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы «KAAD and K» ЖШС менеджмент және маркетинг бөлімінің бастығы болып бастады.
2012-2013 жылдары - «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық жобалар департаментінің менеджері;
2013-2014 жылдары - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы;
2014-2015 жылдары - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры;
2015-2016 жылдары - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кәсіпкерлік және инновациялар департаментінің жоба жетекшісі;
2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;
2017-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары;
2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментін басқарды.
2019-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2022 жылғы 13 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.