• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Мамыр, 2024

Аулада әйелін ұрған Павлодар тұрғынының жеке басы анықталды

222 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде аулада әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полиция іске қатысты қызметтік зерттеу жүргізіп, зәбір көрсетушінің жеке басын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға Павлодар қаласындағы көпқабатты үйдің кіреберісінде болған.

Желіде тараған видеодан ер адамның үйге кіре алмай тұрғанын айтып, әйелді соққыға жыққанын көруге болады. 

Жәбірленуші арызданудан бас тартса да Павлодар облысы полиция басқармасы іс бойынша тергеп-тексеруді бастады. 

Тергеу барысында агрессор жасырынбаған, ал әйел оқиғаға қатысты есінде ештеңе қалмағанын айтқан.

«Жанжалдасқан ер мен әйел анықталды. Жәбірленушінің арыз жазудан бас тартқанына қарамастан, полиция ер адамға қатысты отбасылық жанжал дерегі бойынша әкімшілік іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.